Шекарада бір айда қос азаматтығы бар жүзге жуық адам ұсталды – ҰҚК
Ұлттық қауіпіздік комитетінің шекара қызметі бір айда қос азаматтығы бар жүзге жуық адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері шекарашылар өткізу пункттерінде бір мезгілде Қазақстанның және басқа мемлекеттің азаматтығы бар 91 адамды анықтады. Ұсталғандардың бәрі полиция органдарына тапсырылды. “Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі болды”, – дейді шекарашылар. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік шекарада қос азаматтықтың 1 190 фактісі анықталды. Айта кетері, Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған.