Шерзат Болат ісі бойынша негізгі отырыстың күнін белгіленді

Шерзат Болат ісі бойынша негізгі отырыстың күнін белгіленді. Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы негізгі сот талқылауы 17 сәуірде сағат 10:00-де басталып, бейсенбі және жұма күндері өтетінін хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, аталған іс бойынша сегіз бейнематериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық адамға құқықтық баға берілді. Қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.