Шерзат Болатты өлтіру дәйегі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын.

Шерзат Болатты өлтіру дәйегі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталуға жақын. Алматы облысы прокуратурасы осылай деп мәлімдеді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық күдікті ұсталды. Сараптама нәтижелері дайын болғаннан кейін оның қорытындысы процесс қатысушыларына танысу үшін беріледі. К. Нұрымовтың үйін өртеу және Н. Ғаипбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қылмыстық істердің тергелуі Бас прокуратураның бақылауында. Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында жаппай төбелес салдарынан Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапқан еді. Шерзаттың қазасына қатысты 5 бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.