Шерзат Полат ісі: судья блогерлерді арандатушылық жасамауға шақырды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот процесі барысында судья Ержан Жанұзақов блогерлерді арандатушылық әрекеттерден бас тартуға шақырды. Оның айтуынша, іске қатысы жоқ блогерлер тергеу әрекеттеріне субъективті баға беріп, сотқа ықпал етуге тырысады. Судья, Қазақстан Конституциясына сәйкес, сот төрелігін тек соттың жүзеге асыратынын және үкім шықпай тұрып, оқиғаға субъективті баға беруге болмайтынын ескертті.