Шетелдік студенттерге АҚШ-тан кетуге тура келеді. Америка билігінің мәлімдеуінше, егер күзде сабақ онлайн форматта өтетін болса, осындай шектеу енгізіледі. Сонымен қатар бұл шектеулер Америкаға F-1 және М-1 визасымен келгендерге қатысты болады. Оларға басқа оқу орнына ауысуға немесе өзге елге кетуге тура келеді.