Шетелге қара жұмысқа аттандыратын жеке компанияға бір топ адам алданып қалды

Шетелге қара жұмысқа аттандыратын жеке компанияға бір топ адам алданып қалды. 6 облыстан келген тұрғындар Англияға жұмыс істеуге барамыз деген үмітпен компанияға 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша берген. Олардың айтуынша, бұл сомалар тек ұйымдастыру жұмысына, анкета толтыруға жұмсалған. Ұшақ билеті, виза рәсімдеу және басқа да шығындарды өздері бөлек төлеу керек болған. Айына 1,2 миллион теңге көлемінде табыс табасыңдар деп сендірген компания кейін байланысқа шықпай қойыпты. ған. Ал компания өкілдері өздеріне тағылған айыппен келіспейді. Jumys.uk компаниясының директоры Бота Жүнісованың айтуынша, олар 700 адамның 300-іне ақшасын қайтарған. Қалғандарына да ретімен қайтарылады. Жиналғандар Алматы қалалық Әуезов аудандық полиция басқармасына ұжымдық арыз түсірді.Аталған дәйек бойынша қылмыстық іс қозғалды.