Шілде айында 42500 теңге төленеді

Шілде айында 42500 теңге төленеді. Бұл туралы Тоқаев твиттер парақшасында жазды.

«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42500 теңге төлейді» деді Президент.