Шілдеден бастап банктер қазақстандықтардың шоттары туралы барлық деректі мемлекеттік органдарға береді

Шілдеден бастап банктер қазақстандықтардың шоттары туралы барлық деректі мемлекеттік органдарға береді. Енді екінші деңгейлі барлық банктер, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстанның даму банкі мен Қазпошта қазақстандықтар мен резидент еместердің банк шоттары мен салымдары бойынша есептілікті Ұлттық банкке ұсынуға міндеттеледі. Ұлттық банктің қаулысында осылай делінген.