Үшінші тоқсанда қай пәндердің оффлайн оқытылатыны белгілі болды. Олар – орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндері. Оқушылар бұл оқыту пәндерінің 70% мектеп қабырғасында, ал қалған пәндерді онлайн оқиды. Оларға информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері жатады», – деді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова. «11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5 сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуды жалғастырады. Ал III тоқсанда бітіруші 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде сабақ оқуды бастайды деп жоспарланып отыр. Нақты шешім қаламыздағы эпдемиялогиялық жағдайға байланысты қабылданады», – деді басқарма басшысы.