«Маусымның 23-25 елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеті сәтсіз аяқталды. Қарулы Күштердің жеке құрамы антына және әскери борышына адалдық танытты”, – деді Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу. Оның айтуынша, арандатушылық ресейлік әскери топтарының әрекетіне әсер етпеген. Еске сала кетейік, 24 маусымға қараған түні “Вагнер” басшысы Евгений Пригожин “әділет шеруін” бастап, әскери колоннаны Мәскеуге жіберді. Владимир Путин жалдамалылардың әрекеттерін “арттан жасалған соққы” деп атады, сонымен қатар, қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.