Шонжы аулындағы спорт кешені құлады. Ұйғыр ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы былтырдан басталған. Ғимарат құрылысының аяқталу мерзімі осы жылдың соңына қарай деп жоспарланған. Nege.kz сайтының мәліметінше, құрылыс үшін 1,171 миллиард теңге бөлінген.
Ұйғыр ауданының әкімі Шухрат Нұрахунов ғимарат неге құлағанына жауап бере алмады. Арнайы комиссия келіп, тергеу жүргізетінін айтты. “Мамандар келеді, экспертиза жасайды. Түсте бір темірі түсіп кетіпті. Оның өзінде толық түспеген, бір жерінің шатыры ғана құлаған. Қазір анау-мынау деп айта алмаймыз”, – деді Ұйғыр ауданы әкімі Нұрахунов.