Швейцария мен Италия мұздықтардың шөгуіне байланысты картаны қайта сызады. Жаһандық климаттың өзгеруі мұздықтардың еруіне және осы учаскенің бойымен өтетін тау жоталарының пішінінің өзгеруіне әкелді. Сол себепті қос ел арасындағы Альпідегі шекараның бір бөлігін ауыстыруға тура келді. Аталған елдердің шекарасы негізінен мұздық жоталарымен немесе ерімеген қар учаскелерімен анықталған. Шекарадағы өзгерістер туралы екіжақты келісімнің жобасын швейцариялық-итальяндық жұмыс тобы дайындады. Швейцария қыркүйектің 27-сі шекараны өзгерту туралы келісімді ресми түрде мақұлдады. Алайда Италия мұны әлі жасамады.