Шығыс Қазақстан облысында ақпан айынан бастап сұйытылған газ бағасы өзгереді

Шығыс Қазақстан облысында ақпан айынан бастап сұйытылған газ бағасы өзгереді. Энергетика министрі бұйрығының жобасына сәйкес, газ өңдеу зауыттарында сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын арттыру жоспарланып отыр. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, ақпанның бірінен бастап облыстағы жанармай құю бекеттерінде газ бағасы литріне 84 теңгеден 102 теңгеге дейін, ал шалғайдағы елді мекендерде 89 теңгеден 107 теңгеге дейін көтеріледі.