Шымкент әкімі 9 дәрігердің пневмониядан көз жұмғанын растады

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов 8 шілдеде өткен брифингте қалада 9 дәрігердің пневмониядан қайтыс болғанын растады.

9 дәрігердің көз жұмғаны жайлы 7 шілдеде әлеуметтік желіде ақпарат тараған.

Денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, көз жұмған медицина қызметкерлерінің арасында хирург, гинеколог, УЗИ маманы, лаборант болған. Олар 2020 жылдың 3 маусым мен 7 маусым аралығында қайтыс болған.

Ал әкім Әйтенов 8 шілдедегі брифингте қалада 569 медқызметкерге (143 дәрігер, 258 медбике) вирус жұққанын да айтты.