Қала әкімдігі мұндай шешімді Абай облысындағы алапат өртке байланысты қабылдаған. “Жыл сайын дәстүрлі түрде 19 маусым күні аталып өтетін Қала күнін тойлау кейінге қалдырылды. Абай облысындағы орман өртіне байланысты, әр жыл сайын ұйымдастырылатын мерекелік іс шараларды Республика күні қарсаңында өткізу жоспарланып отыр”, – деп хабарлады әкімдік. Айта кетейік, Қазақстанда Республика күні 25 қазанда тойланады.