Шымкентте қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұны ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз өкілі растады. Еске сала кетсек, кеше мемлекеттік қызметкер өз кабинетінде пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Қазір оған қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау қарастырылуда.