Шымкентте банк қызметкерлері жалған еуро сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Шымкентте банктердің бірінің филиалында номиналы 500 еуро болатын жалған ақша купюраларын өткізу фактісі анықталды. Жалпы сомасы – 4 мың еуро. Бір қызығы, бұл қылмысты сол банктің бес қызметкері жасаған. Қылмыстық іс аяқталу сатысында”, – деді Элиманов.