Шымкентте бір жасар бала ашық электр тоғына түсіп қайтыс болды

Қайғылы жағдай Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданындағы тұрғын үйде болған, деп хабарлайды «Хабар 24». Ата-анасының бір сәт қарауынсыз қалған сәби электрлі пеш сымын ұстап, салдарынан оқиға орнында жан тапсырды. Полиция қызметкерлері мән – жайды анықтап жатыр. Өкініштісі, Шымкентте тамыз айы басталғалы бері электр тоғынан екі бүлдіршін қайтыс болған.