Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы қайтыс болды

Бұл туралы Шымкент қаласы білім беру басқармасының басшысы Жанат Тажиева хабарлады. “Мектеп директорының айтуынша, оқушы дене шынықтыру сабағында өзін нашар сезінген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді мектептің медбикесіне алып барды. Оның денсаулығын тексерген медбике жедел жәрдем шақырып, дереу анасына хабар берген”, – деді Жанат Тәжиева. Дарынды балаларға арналған № 1 лицей-интернатының оқушысы аурухананың жансақтау бөлімінде жүрек ақауынан қайтыс болды.