Шымкентте карантин шаралары тағы да ұзартылды

Шымкентте карантин шаралары тағы да ұзартылды. Қалада ойын-сауық, спорттық, отбасылық және жаппай жаңа жылдық іс-шараларға тыйым салынды. Шаһардың бас мемлекеттік санитария дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәйкес, шектеу шаралары 7 желтоқсаннан 21 желтоқсанға дейін ұзартылды. Салтанатты шараларды өткізуге болмайды. Банкет залдарының қызметіне, және кальяндарды пайдалануға тыйым салынды.