Қаулыға сәйкес, Шымкентте карантин және шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды. Азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауар сататын базарлар мен жәрмеңкелер 6.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бір адамға кем дегенде 4 шаршы метр аумақ жер болуы шарт, сыйымдылығының толу көрсеткіші 30 проценттен аспауы керек. Демалыс және мереке күндері жабық базарлар жұмысына тыйым салынды.