Шымкентте карантин ұзартылды

Шымкентте карантин ұзартылды. Шаһардың бас санитария дәрігерінің қала аумағында шектеу шараларын ұзарту туралы қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды. Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалық, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Одан бөлек, мегаполисте 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі.