Шымкенттік шенеуніктер ұрлаған ақшаға Астанадан қымбат пәтер сатып алған. Мүліктің құны 150 млн теңгеден асады. Әкімдік пен коммуналдық кәсіпорынның лауазымды тұлғалары тергеуге алынды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі. Олар өзара келісіп, құжаттарда жұмыс пен тауарлардың бағасын артық көрсеткен. Осылайша, жылу желілері мен электр желілерін жөндеуге бөлінген қаражаттан қалталарына 1,1 млрд теңге түсірген.