Тергеушілер мейрамхана алдында сөйлесіп тұрғанда екінші жедел басқарманың бастығы Бақтияр Ахметжанов тергеуші Мырзабек Тойлыбаевқа жұдырық ала жүгірген. Соққыдан қашып үлгерген тергеуші Ахметжановтың өзін ұрып жығып, баспалдаққа баспен құлатқан. Ауыр жарақат алған Бақтияр Ахметжанов ауруханада ес-түссіз жатыр. Ал тергеуші қамауға алынған. Қаржы мониторингі агенттігінің өзіндік қауіпсіздік қызметі тергеушілерге қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары да істің ақ-қарасын анықтау үстінде. Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкеріне қатысты соталды тергеу басталған болатын.