Шымкентте жолайырық іске қосылып, көлік қозғалысы жеңілдеді. Бұл маңда құрылыс жүргендіктен 1 жылдан бері қатынас қиындаған еді. Енді жер де кеңіп, жүріс-тұрыс та оңайлады. Дәл осы аумақта тұрған жеміс-жидек базары да қала сыртына көшірілді. Жолайырықтың құрылысына 7 миллиард теңге жұмсалған. Бірақ шаруа мұнымен бітпейді. Көлік кептелісінен түбегейлі құтылу үшін тағы бір ауқымды жоба қолға алынды. Яғни тағы бір жолайырық салынады. Бұл нысан алдыңғысынан да үлкен. Жобаға 11 миллиард бөлінбек. Жалпы қала әкімдігінің мәліметі бойынша мегаполисте күніне 500 мыңнан аса көлік қатынайды.