Симптомдары бар адамдар ғана тест тапсыруы керек

Симптомдары бар адамдар ғана тест тапсыруы керек. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының елордадағы филиалының басшысы Талғат Тұңғышбаев айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Ұлттық сараптама орталығы бірнеше қаладағы жеке тұлғалар арасында ақылы тестілеу өткізуді тоқтатты, бірақ орталық мемлекеттік емханалармен, ауруханалармен жұмыс жасауды жалғастырып жатыр.

“Дені сау адамдар орталықтарға көптеп баруда бұның керегі жоқ. Осындай әрекеттер зертханаларға үлкен жүктеме болуда. Себебі симптомдары бар адамдар тесттерді жылдам тапсырып, тез нәтиже алуы керек”, – деді Тұңғышбаев.