«Хавьер» есімді құлтемір, қала көшелері мен ғимараттардағы тәртіптің сақталуын қадағалайды. Инновациялық құралды елдің Ғылым және технология агенттігі жасап шығарған. 4 дөңгелекпен қозғалатын робот-полицейдің 7 көзі, яғни камерасы бар. Билік өкілдерінің айтуынша, осындай 2 құлтемір қыркүйек айында жұмысқа кіріскен. Сақшы роботтар «мотоциклді жолға қоймаңыз», «жаяу жүргіншіге жол беріңіз» деген сияқты ескертулерді дауыстап айтып жүреді. Сондай-ақ «Хавьер» рұқсат етілмеген орында темекі шекпеу және арақашықтық сақтау, көп адам жиналмау туралы, коронавирус талаптарының сақталуын да бақылайды.