Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ болады, солтүстікте қар жауады. Синоптиктердің хабарлауынша, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен күн райы жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді.