Сирия аумағында 30-дан астам қазақстандықтар қалды. Еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев осылай деді. Вице-министр бұл азаматтармен қазіргі уақытта тұрақты байланыста екенін атап өтті. Оған қоса, Әлібек Бақаев Таяу Шығыстан эвакуацияланған отандастарға да тоқталды. Газа секторынан 129 адам, ал Ливаннан эвакуация кезінде 69 ел азаматы қайтарылды.