Смартфон – адам денсаулығына зиян. Мобильді құрылғылар адамның есте сақтау қабілеті мен баланың ағзасына кері әсер етеді. Мәскеулік терапевт Олеся Набокова “Прайм” агенттігіне берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Дәрігердің айтуынша, адам гаджеттерді жиі қолданса, фактілер мен қысқа мерзімді ақпаратты нашар есте сақтай бастайды.
Бұған жол бермеу үшін және есте сақтауды жақсарту үшін жарты сағат жаттығу жасау керек. Сонымен қатар зерттеулер ұялы телефондар мен смартфондарды белсенді қолданатын балаларда жарық және дыбыстық сигналдарға реакция баяулайтынын көрсетті.
Балаларда жазу кезінде жіберетін қатесі көбейіп, жұмысқа деген қабілеті төмендейді, назар аудару және мағынасын түсіну де әлсірейді. Мамандардың айтуынша, телефон арқылы жиі қоңырау шалып, техникалық құрылғыны оң құлағына қойып қолданатын жасөспірімдерге дерексіз формаларды есте сақтау қиынға соғады.