Солтүстік Қазақстан облысынан ПТР-анықтамасыз шығуға тыйым салынды. 9 қарашадан бастап әуе, теміржол көлігімен ПТР-анықтамасыз шығуға болмайды. Бұл туралы көліктегі мемлекеттік бас санитария дәрігері Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Айта кетейік, бұған дейін мұндай шектеу ШҚО-да енгізілген еді. Қоса кетсек, анықтама алған күннен бастап 3 тәулікке ғана жарамды. 5 жасқа дейінгі балаларға бұл талап қойылмайды.