Солтүстік Қазақстанда демалыс базасында бес жігіт 17 жастағы қызды зорлаған

Солтүстік Қазақстан облысындағы демалыс базасында 17 жастағы қызды зорлап кетті. Осы іске қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, 11 маусымда полицияға Петропавл қаласының тұрғыны хабарласып, “Березовая роща” демалыс базасында қызын зорлап кеткені туралы арыз түсірді. “Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 17 жастағы қызға қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 17-20 жастағы Петропавл қаласының бес тұрғыны ұсталды”, – дейді полицейлер. Айта кетейік, зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет үшін 15-17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.