Солтүстікке қоныс аударушыларға берілетін жәрдемақы көлемі артады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Тоқаев үкіметке осындай тапсырма берді. Қазір олар 97 230 теңге жәрдемақы алса, алда оның көлемі 194 460 теңгеге тең болмақ. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаға сәйкес, үкімет енді бір айдың ішінде осы мәселені зерттеп, тиісті шешім қабылдауы қажет.