Оған қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Еске сала кетейік, 3 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналистке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Махамбет Әбжанға төтенше қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот шешімімен келіспей, сотталушы мен оның қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіпте шағым түсірді. Қорғаушы тарап Махамбет Әбжанды ақтауды сұраған болатын.