Сот төрағасы қылмыс үстінде ұсталды. Ол 15 мың доллар пара алды деген күдікке ілінді. 19 желтоқсанда ҰҚК мен Сот әкімшілігінің Петропавл қаласы бойынша Ішкі қауіпсіздік бөлімі бірлескен іс-шарасы өткізді. СҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б. ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды.