Сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығатын болды. Ол түрмеде 6 жыл отырды. Биыл шілденің 26-сы Қонаев қалалық соты Мұратхан Тоқмәдиді мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін мақұлдады. Естеріңізге сала кетейік, ол 2018 жылы 10,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 2022 жылы Мұратхан Тоқмәди істі қайта қарауды сұрап президенттің атына хат жазған.