Спортшылардың радикалды діни ағымдарға кіріп кетпеуі үшін үгіт-насихат жүргізіледі. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Спорттағы дін мәселесіне қатысты “Жол картасы” жайында айтты. «Біз профилактика ретінде түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бет-әлпетіне байланысты емес, діннің радикалды бағыттарына бармау үшін үгіт-насихат айтылады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің дін комитетінен теолог мамандарды тартып жатырмыз. Қазір бұл спорттық федерацияларға енгізілді. Егерде сыртқы бет-әлпеті немесе басқа да факторға байланысты нақты сигналдар болса, міндетті түрде тиісті органдарға ақпарат береміз”, – дейді Туризм және спорт министрінің орынбасары.