Спутниктік интернет қызметі Қазақстан аумағында іске қосылады. Мұндай келісім Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink компаниясы арасында жасалды. Starlink спутниктік терминалдарының сатылымы осы жылдың үшінші тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр. Starlink спутниктік интернетіне қосылу арнайы пайдаланушы құрылғылары арқылы іске асады. Қазіргі уақытта жеке пайдаланушыларға қызмет көрсету тәртібі, техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді келісу жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асырудың барлық кезеңі ұлттық заңнама талаптарын, соның ішінде қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асады.