Студент статусы барлар оқуын бітіргенше әскерге шақырылмайды

Студент статусы барлар оқуын бітіргенше әскерге шақырылмайды. Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев осылай деп хабарлайды. Студент ЖОО-дағы оқудан кейін магистратура, сонан соң доктарантураға түссе тағы да босатылады. Бірақ екінші магистратура болса босатылмайды. «Егер шақыруда тұрса заңды түрде алып кетеміз. Тек оқумен ғана босатылмайды. Отбасылық, денсаулық жағдайына қарайды. Шектеулерге сәйкес келмесе әскерге шақырылады», – деді вице-министр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында студенттерді “диплом қорғатқызбай” әскери комиссариатқа алып  әкеткен еді