Бүгінде еліміздегі жарты миллионға жуық студенттің кредиті бар. Оның ішінде 47 мыңы проблемалық несие. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылай деп хабарлайды. Бұдан былай қаржы ұйымдары тіркелген табысы бар жастарға ғана кредиттер береді. Бұл 18-21 жас арасындағы азаматтарға арналған”, – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова. Осы ретте сарапшылар мәселені шешу үшін кредит беру жасын шектеуді ұсынып отыр.