Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға жіберілді. Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, зілзаланың салдарын жою үшін көмекті күшейте түспек. Жер дүмпулері әлі де байқалатын аумақта жағдай қиын. Сондықтан Түркиядағы жедел штаб, тағы да көмек керегін жеткізген. Қазір әуежайдан Анадолы еліне 56 құтқарушы аттанды. Айта кету керек, құтқару жұмыстарына тәжірибелі мамандар жіберіліп жатыр.