Төбелес шығарған студенттер Қазақстанға 5 жыл бойы орала алмайды – сенатор
Сенат депутаты және бұрынғы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы кафелердің бірінде шетелдік студенттердің жаппай төбелесіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралды. Жазбада бірнеше жігіттің бір-бірін ұрып-соғып, орындықтарды, таяқтарды, тіпті үстелдерді қолданғаны көрінеді.
Марат Қожаевтың айтуынша, студенттерді елден шығару туралы шешім заң талаптарына сәйкес қабылданған.
“Біздің елімізде жүрген кез келген шетелдік азамат біздің заңдарымызды, тәртіптерімізді, дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды құрметтеуі және ең бастысы, өзін қалай ұстау керектігін білуі керек. Бұл – бүкіл әлемге ортақ тәжірибе. Басқа елге барғанда, сол елдің заңдарын сақтауға тырысасыз”, – деді Қожаев Сенат дәлізінде.