Алматы әкімдігі “Алматы паркингіне” тиесілі қалалық автотұрақтар қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қала әкімшілігі мәліметінше, қазір мемлекеттік кәсіпорын – мемлекеттік ақылы автотұрақтардың бірыңғай операторын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. “Қазіргі уақытта қала меншігіне алу рәсімі жалғасып жатыр”, – деді Алматы әкімі баспасөз қызметі өкілдері. Сондай-ақ, әкімдік мәліметінше, “Алматы паркинг” компаниясы (Аparking, AlanParking) қалалық автотұрақтарды мемлекеттік бірыңғай оператор алғанға дейін қадағалайды. Әкімдік мәліметі бойынша, биыл 1 тамызға дейін жаңа бірыңғай оператор құрылады. Барлық автотұрақта әлі де тұрақ ақысы алынады, деп қосты қала әкімдігі өкілдері.