Тәлібтер әйелдердің жұмысына тыйым салды

Тәлібтер әйелдердің жұмысына тыйым салды. «Талибан» 12 тамызда Газниге бақылау орнатқаннан кейін бірқатар өзгерістер енгізді. Бұған дейін аталған қозғалыс содырлары әйелдердің құқықтарын шектемеуге уәде берген болатын. Бұл ұйым Қазақстанда тыйым салынған террористік құрылым. Алайда, Кабулға дейін басып алынған провинциялар бұл уәдені елемеді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, басып алынған аймақтарда әйелдер жұмыстан толығымен босатылды. Әйелдерге сыртқа тек ер адамдармен бірге шығуға және бөлмеден шыққан кезде жабық киім киюге міндеттеліп, қыздардың білім алуына шектеу қойылды.