Түркия президенті қазақстандық әкімдерден аз жалақы алады

Түркия президент Режеп Тайып Ердоған айына қанша жалақы алатынын елдің вице-президенті Фуат Октай мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет басшысы теңгеге шаққанда айына 1 669 763 теңге ақша табады екен. Бұл қазақстандық әкімдердің айлығына қарағанда біршама аз. Мәселен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 2 миллион теңгеден астам жалақы алса, Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеев 1 миллион 900 мың теңге жалақы алып келген.