Эгей және Жерорта теңіздері арнасынан асып, салдарынан Измир, Анталия сынды ірі қалалар су астында қалды. Анталияда дауылға байланысты паром рейстері тоқтатылды. Алсанджак және Кордон аймақтарында қайықтардағы құтқарушылар су басқан дәмханаға келушілерді эвакуациялады. Мавишехирде сиреналар тұрғындарға су тасқыны қаупі туралы ескертті. Кейбір тұрғындар көліктерді жерасты гараждарынан шығаруға тырысып жатыр. Сабиха Гөкчен әуежайындағы рейстердің 15 пайызы кейінге қалдырылды. Түрік билігі ауа райының қолайсыздығына байланысты 64 провинцияда «қызғылт сары» және «сары» дабыл деңгейін жариялады.