Түрік лирасының рекордтық құлдырауынан кейін Түркияның ірі қалалары – Ыстамбұл мен Анкарада жаппай тәртіпсіздіктер мен ауқымды наразылықтар басталды. Халық үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде. Сарапшылар ұлттық валютаның құлдырау себебін Түркия Орталық банкінің мөлшерлемені 16 пайыздан 15-ке дейін төмендету туралы шешімі, сондай-ақ ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның көрсеткішті одан әрі төмендетуді жақтауы деп санайды. EADaily басылымының хабарлауынша, Ердоған жоғары көрсеткіштер инфляцияға ықпал етеді деген көзқарасты ұстанады. Ол бұған дейін Түркияның инфляцияны бәсеңдету үшін жоғары қарыз шығындары мен күшті валютаға негізделген ескі саясаттарынан бас тартқанын, оның орнына инвестиция, экспорт және жұмыс орындарын құруға басымдық беретін “жаңа жүйеге” көшкенін айтқан