Хатай провинциясында магнитудасы 5,8 және 6,4 балдық екі жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апаттан қаза тапқандар саны артып жатыр. Түркия мен Сирия шекарасында болған жер сілкінісінен алты адам қаза тапты. 294 адам жараланған. Олар ауруханаларға жеткізілді деп хабарлайды Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа. Жер сілкінісі Сирия, Мысыр, Ливанда сезілген. Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәліметінше, ол 10 шақырым тереңдікте болған. Ал Түркияда екі апта бұрын болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 41 мыңнан асты.