Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, сәбидің аты – Керем Агырташ. Ол Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен кейін қираған үйдің астында 60 сағат жатқан. Сәбидің денсаулығы жақсы. Оны тапқанда қолына шаштың бұрымы байланып жатқан. Айта кетері, Хатай провинциясында жер сілкінісі қатты болды. Ол жерде үш Қазақстан азаматы жоғалды. Сабина есімді қыз тірі табылды. Ал Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев қаза тапты.