Түркиядағы қару-жарақ зауытында жарылыс болды. Соның салдарынан 12 адам қаза тапты. Кәсіпорынның 5 жұмысшысы жарақат алды. Провинция губернаторы Исмаил Устаоғлы осылай деп хабарлады. Зауытта барлығы 630-ға жуық адам жұмыс істейді. Құтқару қызметі жарылыстың салдарын жойып, зардап шеккендерге көмек көрсетуге кіріскен. Әзірге жарылысқа не себеп болғаны белгісіз. Оны анықтау үшін сараптама жүргізіледі. Тергеу жалғасып жатыр. Қазір “лаңкестік әрекет болуы мүмкін” деген нұсқа ресми түрде расталған жоқ. “Қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз”, – деді губернатор.